Рамиль Нұрмұхаметов – «Ақтөбе» ойыншысы

Рамиль Нұрмұхаметов – «Ақтөбе» ойыншысы

Бүгін Рамиль Нұрмұхаметов «Ақтөбе» ФК ойыншысы атанды.

Командамыздың үшінші оқу-жаттығу жиынында тұрақтаған «Calista» қонақ үйінде бүгін қазақстандық қақпашымен келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа ойыншы мен клубтың бас директоры Самат Смақов өз қолдарын қойды, деп хабарлады клубтың ресми сайты. 

Туған жылы: 14 наурыз 1987 жыл (30 жас)

Азаматтығы: Қазақстан

Соңғы клубы: Ордабасы

Позиция: Қақпашы

Бойы/Салмағы:177 см, 67 кг

Өмірбаяны

2011 жылдың 12 наурызында «Тараз» - «Тобыл» арасындағы матчта Рамиль Қазақстан чемпионатындағы дебюттік ойынына шықты. Ол 77-ші минутта «Тараз» ойыншысы Антон Землянухинді алмастырған еді. Ал тараздықтардың негізгі қақпашысы бірер минут бұрын ойын қазысы Қайрат Сламбековтен қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. Премьер-лигадағы алғашқы голын осы матча өз қақпасына гол соғып алған командаласы Вячеслав Соболевтен жіберген.

Нұрмұхаметов Премьер-лигада бес командада ойнаған: «Тараз» құрамында 53 матч (63 доп жіберген), «Қайрат» сапында 19 ойын (23 гол жіберген), «Қайсар» - 4 ойын, 4 гол жіберген, «Атырау» - 1 ойын.

Қақпашы былтыр шымкенттік «Ордабасының» намысын қорғады. Премьер-лигада барлығы 77 ойынға қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или