«Астана» букмекерлік компаниямен серіктес атанды
«Астана» футбол клубы мен «1xbet» букмекерлік компаниясы демеушілік туралы келісімге қол қойды.
<span>«</span>1xbet.kz<span>» 2018 жылы «Астана» футбол клубының ресми демеушісі ретінде бекітіліп, команданың ойын формасында шаңырақпен қатар, аталмыш букмекерлік компанияның логотипі суреттелетін болады. </span>
<span>«1xbet» компаниясы 2007 жылы құрылды және сол кезден бастап Шығыс Еуропадағы және еуропалық нарықтағы бәсекеге қабілетті елдерде маңызды орынға ие болды. Компания 2016 жылдан бастап Қазақстан нарығында жұмыс істейді. «Астана» футбол клубы - «1xbet» компаниясының Қазақстан нарығындағы елшісі. Мысалы, Ресейде «Зенит» (Санкт-Петербург), «Локомотив» (Мәскеу) және «Краснодар» клубтарымен жұмыс жасайды. Батыс Еуропада «1xbet» Италия A сериясы мен Испания «Ла Лигасының» демеушісі болып табылады. Осы жылдан бастап «1xbet» - атақты италиялық футболшы Андреа Пирломен келісімге келіп, футболшы компанияның бейнесі ретінде жұмыс жасап бастады.</span>