Криштиану Роналду: Әлем чемпионатын жеңіп алғым келеді

Криштиану Роналду: Әлем чемпионатын жеңіп алғым келеді

«Реал Мадридтің» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатында топ жарғысы келетінін айтты.

«Егер менен тағы не ұтып алғың келеді деп сұрасаңыз, әлем чемпионатында жеңіске жеткім келеді деп жауап берер едім. Бірақ дәл қазір мансабымды аяқтауым керек болса, өте бақытты болар едім. Менің мансабым осындай ғажайып болады деп ешқашан ойлаған емеспін. Менің мақсатым қашан да кәсіпқой футболшы болып, Португалия құрамасында ойнау еді. Мен Рую Кошта, Фернандо Коута мен Фигуға қарап, солармен бірге ойнағым келетін», - дейді Роналду.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия құрамасымен бірге 2016 жылғы Еуропа чемпионатында топ жарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или