Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қашан тағайындалатыны белгілі болды

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қашан тағайындалатыны белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясы ел құрамасының бас бапкерін іздеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz порталы.

«Қазіргі таңда бос орынға әлеуеті жоғары<span> </span>үміткерлермен<span> </span>келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олардың қатары азая түсті. Жаңа бапкерге «УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар лигасында жақсы ойын өрнегін көрсетуі қажет» деген міндет қойылады. Қазақстан футбол федерациясы жақында өз сайтында жаңа бас бапкерді таныстырады. Ол құраманың бас бапкері ретінде алғашқы кездесуін 23 және 26 наурызда Венгрия құрамасына қарсы өткізеді», - деп мәлімдеді ҚФФ-ның баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін футболдан Қазақстан құрамасын Александр Бородюк басқарған. 55 жастағы маман Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы<span> </span>қызметіне 2017 жылдың ақпан айында келген болатын. Одан бергі аралықта ұлттық құрама 7 ойын өткізіп, 1 кездесуде ғана тең нәтижеге қол жеткізді. 6 ойында қарсыластарына есе жіберді. Барлығы 6 гол соғып, өз қақпасына 18 рет доп жіберіп алды. Ал 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі топта Қазақстан құрамасы соңғы орынға тұрақтады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или