Владимир Муханов: Қорғаныстағы ойынымызды түзетуіміз керек
«Ақтөбе» - «Арсенал» (Киев) матчынан соңғы «Ақтөбе» ФК бас бапкері Владимир Мухановтың пікірі.
- Біз Украина Бірінші лига өкілімен ойнадық. Физикалық әлеуеті жоғары, жақсы команда. Осындай нөсер жауынның астында алғаш ойнағанымыз да бүгінгі ойынға әсер еткен болар. Қос команда да бірдей жағдайда болды. Бірінші таймдағы ойынымыз жаман болмады – допты жақсы ұстадық, қорғаныста да сенімді ойнадық. Өкінішке орай, қателіктеріміз де болды. Керек емес гол жіберіп алдық. Екінші таймда біршама ойыншы ауыстырдық. Қарсылас екінші таймда бізге қарағанда тың көрінді, көп қозғалды. Бірақ қарсыласымыз тек біздің қателіктеріміз себепті ғана мүмкіндік тудырып отырды. Біріншіден қорғаныстағы ойынымызды түзетуіміз керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или