Сергей Литовенко: Мықты қарсыласпен өткен жақсы кездесу болды
«Ақтөбе» - «Арсенал» (Киев) матчынан соңғы «Арсенал» ФК бас бапкері Сергей Литовенконың пікірі – 2:2
- Бір сөзбен айтсақ, жақсы қарсыласпен ойнадық. Шыға сала, гол соқтырып алдық, тоңып қалғаннан болар. Сосын ойын барысын теңестіре алдық. Екінші таймда, менің ойымша, ойын тізгіні біздің қолымызда болды, гол соқтық. Қателіктер бар, бірақ оларды түзетуге уақыт бар. Жақсы қарсыласпен өткен жақсы кездесу болды. Біз ризамыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или