Шомко клубтың еурокубоктардағы ең үздік сұрмергендерінің бестігіне енді
Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында сырт алаңдағы «Спортингке» қарсы кездесуде елордалық команданың үшінші голын команда капитаны Дмитрий Шомко соқты.
Бұл елордалық команда вице-капитанының Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары сапынадағы соққан 4-ші голы ретінде тіркелді. Шомко португалиялық командадан бөлек, армяндық «Пюник», шведтік АИК және финдік ХИК қақпаларына гол соққан.
Дмитрий осы көрсеткіштерінің арқасында «Астана» сапында еурокубоктерде ең көп гол соққан ойыншылар ішінде үздік бестікке енді. Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысын алдында Патрик Твумаси (15 гол), Жуниор Кабананга (6), Марин Аничич және Бауржан Джолчиев (по 5 гол) бар.
Дмитрийден бөлек, «Спортингке» қарсы екі ойында гол соққан Марин Томасов үздік сұрмергендер тізіміне қосылды. Хорватиялық ойыншы Таңат Нөсербаев пен Неманья Максимовичпен бір қатарда, 3 гол соққан.