МЮ «Челсиді» Чемпиондар лигасының аймағынан шығарып тастады

МЮ «Челсиді» Чемпиондар лигасының аймағынан шығарып тастады

Англия Премьер-лигасының 28-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Челсиді» қабылдады.

Ойынның есебін 32-минутта Виллиан ашқан. Алайда жеті минуттан соң Ромелу Лукаку таразы басын теңестіріп тастады. Ал 75-минутта Джесси Лингард соққан гол «қызыл сойқандарға» жеңіс сыйлады – 2:1.

Осы жеңістің арқасында «Манчестер Юнайтед» 59 ұпаймен екінші орында келеді. Ал «Челси» 53 ұпай жинап, бесінші орынға түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или