Постников «Астана» үшін көп кездесу өткізген футболшылар қатарына енді
Еуропа Лигасының 1/16 финалы аясында Португалия елінде өткен жергілікті «Спортинг» пен «Астана» арасындағы кездесу 3:3 есебімен аяқталған еді.

Дәл осы ойында 90 минут бойы өнер көрсеткен Евгений Постников елордалық команда сапындағы 128-ші кездесуін өткізді.
Осы көрсеткіш бойынша Постников Қайрат Нұрдәулетовпен бірге «Астана» сапында көп ойын өткізген футболшылардың үздік ондығына еніп отыр.

Ал «Астана» клубы үшін ең көп ойын өткізген футболшылар - Ненад Эрич (223 матч) пен Абзал Бейсебеков (211 ойын). Бұл екеуінен кейінгі орында Дмитрий Шомко (177), Патрик Твумаси (155), Марин Аничич (154) және Серікжан Мужиков (130) қатарлы ойыншылар тұр
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или