Сейдахметтің командасы африкалық клубтан басым түсті

Сейдахметтің командасы африкалық клубтан басым түсті
Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет доп тебетін «Уфа» командасы Испаниядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Ресейлік клуб Испан жерінде үш жолдастық кездесу өткізді. Соңғы матчын африкалық «Ред Эрроуз» командасына қарсы өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Уфа» (Ресей, Уфа) – «Ред Эрроуз» (Лусака, Замбия) – 2:1 (2:0)

Гол соққандар: Фатаи – (1:0, 36), Пауревич – (2:0, 40).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или