Англия футбол федерациясы Гвардиоланы айыптады
Англия футбол федерациясы «Манчестер Сити» командасының бас бапкері Гвардиолаға айып тағып отыр.

Футбол федерациясының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде: «Гвардиола футбол жарысына саяси мәні бар киім киіп келді. Оның бұл әрекеті Англия футболының ережелеріне қайшы. Сол үшін Хосеп мырза 5 наурыз сағат 18:00-ден бұрын осы әрекеті үшін ресми түсініктеме беруі керек»,- деп жазылған.

Испаниялық маман киіміне сары түсті лента таққаны үшін айыпталып отыр. Бұл лента билік тарапынан тұтқынға алынған Каталонияның бұрынғы басшысын қолдаудың белгісі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или