Джордже Деспотович: Ертеңгі кездесуде тағы бір тарихты жазуға тырысамыз

Джордже Деспотович: Ертеңгі кездесуде тағы бір тарихты жазуға тырысамыз

«Спортинг» – «Астана» кездесуінің қарсаңында елордалық команда шабуылшысы Джордже Деспотович журналистерге сұхбат беріп, жауапты матч туралы өз пікірімен бөлісті: 

<span>- Бұл ойын туралы көп ештеңе айтқым келмейді. Ойыншылар бұл ойыннан ләззат алу керек деп ойлаймын. Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз. </span>

- Джордже, Астанадағы ойында команда бірінші таймда жақсы ойнағанмен, екінші таймда осалдық танытты. Команда ертеңгі кездесуге қаншалықты дайын? 

<span>- Біз бірінші таймда жақсы ойнағанымызды жасырмаймын. Біз ертеңгі кездесуде тағы бір тарихты жазуға тырысамыз. Оны команда құрамындағы барлық ойыншылар жақсы түсінеді. </span>

- Команданың негізгі шабуылшысы Жуниор Кабананга елордалық клуб сапынан кеткеннен кейін, бапкерлер құрамы алғашқы ойында Сізге сенім артты. Ал Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз қаншалықты? 

<span>- Команда құрамында шабуылда ойнайтын ойыншылар жетерлік. Мен негізгі құрамдағы орыныма әрдайым таласатын боламын. Ертеңгі кездесуде негізгі құрамда кім алаңға шығатынын бапкерлер құрамы шешеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или