Анри: Неймар Мессидің көлеңкесінде болғысы келмесе, спорт түрін ауыстырсын

Анри: Неймар Мессидің көлеңкесінде болғысы келмесе, спорт түрін ауыстырсын

Бұрынғы футболшы Тьерри Анри ПСЖ шабуылшысы Неймардың «Барселона» форварды Лионель Мессиді басып озуға деген құлшынысына баға берді.

«Неймар «Барселонадан» Мессидің көлеңкесінде болмау үшін кетті ме, жоқ па, білмеймін. Бірақ барлық ойыншылар аргентиналықтың көлеңкесінде жүр. Егер Неймар оның көлеңкесінде болғысы келмесе, спорт түрін ауыстыруы қажет», - деді Анри.

Былтыр жазда Неймар «Барселонадан» ПСЖ-ға ауысқан болатын. Биылғы маусымда 26 жастағы футболшы Франция 1-лигасында 19 матч өткізіп, 19 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или