Таразда өтіп жатқан турнирде жас футболшылар жаға жыртысты
Тараз қаласында 2000 жылғы жасөспірім футболшылар арасындағы Республикалық «Арман» турнирі өтіп жатыр. Осы турнирде жолдары түйіскен «Қайрат» пен «Оңтүстік 2001» командаларының ойыншылары төбелес шығарды.

Қос команда арасында өткен кездесудің соңы жаппай төбелеске ұласқан. Бұл тәртіпсіздікті араға жаттықтырушылар мен төрешілер түсіп жүріп әрең тыныштандырды.

Жеткіншектердің неге мұнша ашуланғаны қазірше белгісіз. Бірақ, қос тараптан кінәлі деп танылған футболшыларға төреші жылы қабақ танытқан жоқ. «Қайрат» сапынан Әлімжан Данияр, «Оңтүстік 2001» командасынан Жақсылықов Жалғас қызыл қағазбен жазаланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или