«Атырауға» Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы келді

«Атырауға» Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы келді

«Атырау» футбол клубы Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Антон Землянухинмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайы клубтың ресми сайты.

28 жастағы футболшы «Абдыш-Ата» клубының тәрбиеленушісі. Өзінің туған клубынан басқа, Землянухин түркиялық «Гиресунспор», сербиялық «Раднички», тайландтық «Сисакет» және «Сукхотхай» қатарлы командаларда доп тепкен.

Антон үшін Қазақстан чемпионаты да бөтен емес. Ол еліміздің «Тараз», «Қайрат», «Қайсар» және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсеткен. Бұлардан бөлек өз елінің құрамасында 20 ойын өткізіп, 9 гол соққан.

футболшының соңғы командасы ресейлік «СКА-Хабаровск» клубы. Ол енді «Атырау» сапында 7-ші номермен өнер көрсететін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или