Ресми: Дидар Жалмұқан «Ордабасыға» ауысты
Қазақстандық талантты жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан алдағы маусымда «Ордабасының» намысын қорғайтын болады. Бұл туралы шымкенттік клубтың ресми сайты хабарлады.
Елордалық «Астана» футбол клубына тиесілі ойыншыны «Ордабасы» жалға алып отыр.
21 жастағы футболшы «Ақтөбе» командасының тәрбиеленушісі. Премьер лигадағы алғашқы кездесуін 2014 жылы 20 қыркүйекте «Қайсар» командасына қарсы өткізген. 2017 жылға дейін туған командасында доп тепті.
Дидар өткен жылы «Астанаға» ауысып келген болатын. Бірақ, ел чемпиондарының қатарында жарты жыл ғана өнер көрсетті. Жазғы трансфер кезінде қостанайлық «Тобыл» клбуына ауысып, маусымды сонда аяқтаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или