Бразилиялық футболшы алаң жиегіндегі баланы соққының астына алды
Бразилияның төртінші лигасы аясында «Комерсиал» мен «Операрио» арасында өткен кездесу футболшылардың жаппай төбелесімен аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
«Комерсиал» клубы матчтың соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкеткен. Ойын аяқталғаннан соң «Операрио» ойыншысы Джефферсон Рейс алаң шетінде қуанып тұрған боллбойды соққының астына алды. Футболшы жас баланың бетінен бірнеше рет ұрып, мұрнын бұзған.
Алаң иелері де шетте қалған жоқ. Олар жас балаға араша түсіп, қарсылас командамен жаппай төбелескен.
Алаң жиегіндегі баланы ұрғаны үшін Рейске клуб тарапынан да, федерация тарапынан да жаза қолданылатыны мәлім болды.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/9kSsaAWC52U" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>