«Астана» қосалқы құрамы Шымкентке аттанды
«Астана» дубль құрамы Шымкентке 2018 жылғы футбол маусымына дайындалу үшін, оқу-жаттығу жиындарына аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бапкерлер құрамы Оңтүстікте өтетін жиынға төмендегі ойыншыларды шақырды: қақпашылар: Станислав Курьян (2002), Антон Денисов (1999), Константин Пузанов (2001), қорғаушылар: Данияр Күшікбаев (1999), Дәурен Искаков (1999), Талғат Кусяпов (1999), Әділжан Дүйсембаев (2001), Юрий Аханов (2002), Санжар Шураханов (2001), Әділет Абдула (1999), Бақдәулет Конлимкос (2001), жартылай қорғаушылар: Саян Муқанов (1997), Нұрдәулет Маматов (1998), Самат Бортай (1999), Шадияр Арынтай (1999), Алдияр Тастанов (2002), Вадим Кенетаев (1999), Әлішер Серік (1999), Әлихан Үмбеталиев (2001), Әлішер Амангелдиев (2000), шабуылшылар: Рамазан Каримов (1999), Виктор Пронь (1997), Владислав Прокопенко (2000), Данил Пичкарев (2001).
Команда осы оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше жолдастық кездесу өткізеді.