Төреші бір ойында 9 футболшыны алаңнан қуды

Төреші бір ойында 9 футболшыны алаңнан қуды

Бразилияда төреші 9 футболшыны алаңнан қуды. Осыған байланысты ойын уақытынан бұрын тоқтады.

Оқиға Баия штатының чемпионатында орын алған. «Витория» және «Баия» командалары арасында өткен кездесуде 11 метрлік айып добы тағайындылып, гол соғылғаннан кейін футболшылар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Соның салдарынан екі команданың 5 ойыншысы бірден қызыл қағазбен жазаланған. Алайда футболшылар соның өзінде сабасына түспеген соң, төреші тағы екі ойыншыны алаңнан қуған.

Жағдай бұнымен жөнге келсе жақсы ғой. Ойынның аяқталуына 13 минут қалғанда «Витория» командасы тағы екі ойыншысынан айырылды. Бір командада алаңда алты-ақ ойыншы қалуына байланысты төреші ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или