Оралда футболдан балалар турнирі өтті
Ақпанның 10-11 күндері Орал қаласының «Атлант» спорт кешенінде шағын футболдан <span>«</span>PRO Football Cup 2018» атты турнир өтті.

2004-2005 және 2009-2010 жылғы жасөспірімдер турнирде кім мықтыны анықтаған. Нәтижесінде 2009-2010 жылғы балалар арасында «Тасқала» 1 орынды иеленсе, PRO Football-1 командасы екінші орын алды және PRO Football – 2 командасы үшінші сатыда жайғасты.
Ал 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасынан бірінші орынды PRO Football-1, екінші орынды «Тасқала» командасы, PRO Football-2 командасы қоланы місе тұтты.

Турнирге барлығы 60 аса жасөспірім қатысқан.
Айта кетейік, жарысты Орал қаласындағы «PRO Footbal» жеке футбол мектебінің меңгерушісі Алмаз Абдугалиев ұйымдастырған.
Авторы: Жания Кошпан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или