«Астана» «Реал» командасынан басым түсті

«Астана» «Реал» командасынан басым түсті
Португалия астанасында қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» командасы жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Станимир Стоилов шәкірттері аты елге мәлім «Реал» командасына қарсы ойнады. Алайда, бұл бәріміз білетін Мадридтік клуб емес, Лиссабонның Керуш ауданының командасы, ал бұл ұжымды Зинедин Зидан емес,  41 жастағы  португалдық Алехандро Сантуш баптайды. Бұл клуб сапыпынан Еуропа Чемпионы, қазір италиялық «Лацио» сапында өнер көрсететін португалиялық жұлдыз Нани шыққан.

Клуб құрамында Португалияның жоғары Біріншілігінде ойнайтын командалармен келісімшарты бар ойыншылар өнер көрсетеді. Бұл ойыншылар «Реал» сапына ойын тәжірибесі үшін ауысқан.

Ал ойын туралы айтар болсақ, кездесу 4:2 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, астаналықтар Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында өтетін «Спортингке» қарсы кездесуге дайындалып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или