Сейдахмет «Уфа» сапында кезекті матчын өткізді

Сейдахмет «Уфа» сапында кезекті матчын өткізді

Испаниядағы оқу-жаттығу жиынында ресейлік «Уфа» алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

«Уфаның» қарсыласы латвиялық «Вентспилс» болған еді. Латвиялық футболшылар есеп ашқанымен, кейін ресейлік ұжым үш гол соғып, жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 3:1.

Бұл ойында «Уфаның» қазақстандық футболшысы Еркебұлан Сейдахмет негізгі құрамда шығып, 90 минутты толық өткізді.

Енді 21 ақпанда «Уфа» испаниялық «Леванте» клубымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или