Арсен Венгер: Гвардиола мені үйіме іздеп келген болатын
Хосеп Гвардиола бүгінгі таңда әлемнің үздік бапкерлерінің бірі. Бұны футболдан аз да болса хабары бар адамының бәрі біледі.

Ал оның футболшы кезінде де өте жоғары деңгейде өнер көрсеткенін орта жастардағы жанкүйерлер болмаса, жастар жағы біле бермейді.

«Арсенал» футбол клубының бас бапкері Арсен Венгер жақында берген бір сұқбатында Гвардиолаға қатысты пікір білдірді. Арсен испаниялық маманның бапкерлік қызметін жоғары бағалай отырып, оның футболшы кезінде «Арсеналда» ойнағысы келгенін айтты.

- Гвардиола менімен бірнеше мәрте сөйлесті. Тіпті, бірде ол мені үйіме іздеп келіп, «Арсеналда» доп тепкісі келетінін айтқан болатын,- дейді француз бапкері.

Бірақ, Хосеп лондондық клубтың жейдесін кимегенін білеміз. Венгердің бұл сөзінің шын-өтірігі алдағы уақытта белгілі болатын болады.