Давид Лория «Ертістен» кетті
Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория «Ертістен» кетті.
Бұл туралы ойыншының өзі Instagram парақшасында жазды.
Лория павлодарлық клубқа 2015 жылы келген болатын. 2011-2012 жылдары да «Ертістің» намысын қорғаған.
«Үлкен өкінішпен біздің «Ертіспен» жолымыз екіге айырылғанын айтқым келеді. Клуб маған өз шешімін айтты, мен бұл шешімді қабыл алдым. Мен бұл күннің түбі келерін білдім. Мен бұған дейін де «Ертістен» кеткен болатынмын. Ол кезде менде шетелдік клубтан ұсыныс болған. Бәрі бір қимастық бар. Себебі мен спорттық мансабымның басым көпшілігін «Ертісте» өткіздім.
Менің павлодарлылық клубта өткізген кездерім жемісті болды деп айтуға толық негіз бар. Себебі мен екі рет қола, бір рет күміс жүлдегер атандым. Үш рет ауыр жарақат алып , пышаққа да іліндім. Өз қалпыма келуге ұзақ уақыт кетті . Павлодар менің жүрегімде мәңгіге қалады. Менің ойымша футболшы өзін көргісі келген жерде ойнауы тиіс. Пайдам тиетін командаға барғым келеді. Тағы бір жыл жоғары деңгейде футбол ойнағым келеді. «Ертіс» клубына табыс тілеймін. «Қош бол» демеймін, «Кездескенше, достар», - деп жазды Лория.