Хоу Англияның қаңтардағы үздік бапкері атанды
«Борнмут» бапкері Эдди Хоу Англияның қаңтар айындағы үздік бапкері атанды. Өткен айда Хоудың командасы төрт ойын өткізіп бірже-бір рет жеңілмеген.
Қазіргі уақытта «Борнмут» АПЛ-дың турнирлік кестесінде оныншы орында келе жатыр. Қаңтарда Хоу бапкердің командасы «Челси», «Арсенал» сынды азулы командаларды ұта алды.
Естеріңізде болса, бұған дейін төрт ай қатарынан «Манчестер Сити» бапкері Хосеп Гвардьола «үздік бапкер» атағын ешкімге бермеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или