Вильям Карвальо «Астанаға» қарсы ойнамауы мүмкін

Вильям Карвальо «Астанаға» қарсы ойнамауы мүмкін

«Спортингтің» көшбасшыларының бірі Вильям Карвальо бүгін «Астанаға» қарсы ойнамауы мүмкін. Бұл туралы Record жазды.

Ойыншының өзі бұлшық етінің ауырып жүргенін айтқандықтан, бас бапкер Жоржи Жезуш тәуекелге барғысы келмей отыр екен. Карвальо чемпионатта «Портуға» қарсы матчқа да қатыспаған болатын. Енді біріншіліктегі «Тонделаға» қарсы келесі ойынға Карвальоны сақтап қалмақ.

Айта кетейік, Еуропа лигасының 1/16 финалындағы «Астана» - «Спортинг» матчы бүгін 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или