Габи, Эрерра және тағы 30 футболшы екі жылға абақтыға қамалмақ
Испания прокуратурасы жеті жыл бұрын өткен «Леванте» – «Сарагоса» (1:2) кездесуінің тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды prosports.kz.
Айыптаушы орган примера ойынын алдын-ала келісілген деп шешті. Прокуратура қызметкері сот отырысында кездесудің қатысушыларын екі жылға бас бостандығынан айырып, алты жыл футболдан шеттетуді талап етті. Аталмыш іс бойынша 30<span> </span><span>футболшыға кінә тағылуда.</span>
Дереккөздің хабарлауынша, «Сарагосаның» өкілдері қарсыласты жеңу үшін 965 мың еуро төлеген. Нәтижесінде, памплондықтар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, элиталық дививзионда қалған болатын.
«Мен клуб талабын орындадым», – мадридтік «Атлетико» клубының капитаны<span> </span>Габи.
Айта кетейік, айыпталушылар қатарында «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Андер Эррера, «Лестер» ойыншысы Висенте Иборра, «Сарагосаның» бұрынғы бапкері Хавьер Агиррелер бар.