Қазақстан кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын командалар белгілі болды

Қазақстан кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын командалар белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын командаларды жариялады.

Қазақстан кубогының бірінші кезеңіне биыл 13 команда қатысатын болады.

Бірінші лигадан 7 команда: «Алтай», «Каспий», «Қыран», «Мақтаарал», «Оқжетпес», «Тараз», «Екібастұз». Премьер лига командаларының фарм-клубтары саналатын «Байқонур», «Жетісу Б», «Қайрат А» және «Шахтер-Булаттың» Қазақстан кубогына қатысуға мүмкіндігі жоқ.

Екінші лигадан 4 команда: «Академия «Оңтүстік», «ОСДЮСШОР – Жас Ұлан», «Рузаевка», «ЦСКА».

Бұлардан бөлек екі әуесқой команда да Қазақстан кубогында бақ сынайтын болады: «Ак-Бет» ( Павлодар) және «СДЮСШОР №8» (Астана). Бұл екеуі 2017 жылы Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған әуесқой ұжымдар арасындағы жарыстардың жеңімпазы. Биыл әуесқой клубтар алғаш рет  Қазақстан кубогына қатысқалы отыр.

Осы 13 команда 4 топқа бөлінеді ( А, В, С үш топта  3 команда, D тобында 4 команда болады). Әр топтың жеңімпазы Қазақстан кубогының 1/8 финалына жолдама алады.

Бұл командалар үшін жеребе тарту рәсімі Астана қаласында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде 16 ақпан күні сағат 11:00-де өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или