«Ақтөбе» екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады

«Ақтөбе» екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Бүгін «Ақтөбе» командасы Түркияда өткен екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Команда ОЖЖ барысында төрт бақылау матчын өткізді:

04.02.2018 ж. «Ақтөбе» - «Слобода» (Тузла, Босния және Герцеговина) – 0:2

07.02.2018 ж. «Ақтөбе» - «Торпедо» (Кутаиси) – 2:0 (Миличевич, Айымбетов)

10.02.2018 ж. «Ақтөбе» - «Диошдьёр» (Мишкольц, Венгрия) – 1:1 (Миличевич)

13.02.2018 ж. «Ақтөбе» - «Шукура» (Кобулети, Грузия) – 3:2 (Пиззелли, Марьянович, Айымбетов)

Сонымен қатар, жиынның соңғы күні маусымдағы алғашқы жаңа ойыншымен келісімшарт жасалды. «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы – Армения ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Маркос Пиззелли.

33 жастағы ойыншы бұған дейін де «Ақтөбе» құрамында өнер көрсеткен болатын. 2014 және 2015 жылдары Маркос ақтөбелік команданың көшбасшысы болды. Пиззелли Премьер-лигада 50-ден астам матч өткізіп, 13 гол соққан. 

«Ақтөбенің» келесі, үшінші жиыны 19 ақпаннан 5 наурызға дейін Түркияда өтеді. Соңғы оқу-жаттығу жиыны барысында төрт жолдастық кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или