Швециялық клуб: Қазақстандықтар Ассулаға бізге қарағанда жақсы қаражат ұсынды
Алматылық «Қайратқа» жаңадан ауысқан «Барселонаның» түлегімен швециялық клуб келіссөздер жүргізген, деп жазады Prosports.kz.
<span>— Ассулин қазақстанық клубпен келісімге келді. Басында біз онымен ауызша келіскен болатынбыз, алайда артынша қазақстандық клуб пайда болды. Олар Ассулинге бізге қарағанда жақсы қаражат ұсынды. Бұл кез келген салада басты нәрсенің бірі, - деді швециялық «Сундсвалленің» спорттық директоры Урбан Хогблум Fotboll Transfers сайтына. </span>
<span>Гай израильдік Хайфа қаласының «Хапоэлі» мен «Барселонаның» түлегі саналады. Ол жас шағында испаниялық «Барселонаға» ауысып, 2009 жылы жазда лондондық «Тоттенхэмге» қарсы ойнаған. Кейін «Манчестер Сити», «Гранада» мен «Мальорка» сапында доп тепті. </span>
<span>Соңғы жылдары израильдік «Хапоэльде» өнер көрсеткен. Израиль жастар және ұлттық құрамаларында ойнады. Шабуылдаушы жартылай қорғаушымен келісімшарт екі жылға жасалған.</span>