Харри Кейн Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Харри Кейн Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Ювентус» пен «Тоттенхэм» арасындағы ойында лондондық команданың шабуылшысы Харри Кейн турнирде рекорд орнатты. 

<span>Туриндік командамен болып жатқан ойында Кейн өзінің турнирдегі тоғызыншы голын соқты. Шабуылшыға тоғыз гол соғу үшін тоғыз ойын қажет болған. Бұған дейін ешбір ойыншы алғашқы тоғыз ойынында тоғыз гол соқпаған. </span>

<span>Мысал ретінде айтсақ, Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы алғашқы он ойынында бірде бір гол соқпаған, ал Месси болса алғашқы он ойынында небары екі гол соққан екен. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или