«Астана» елордадағы алғашқы жаттығуын өткізді
«Астана» ойыншылары мен бапкерлер құрамы Біріккен Араб Әмірлігінде өткізген екі оқу-жаттығу жиынынан кейін, Қазақстан астанасына оралды, деп хабарлайды prosports.kz сайты елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 ақпан күні астаналықтар «Астана Арена» стадионындағы алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары 2018 жылғы алғашқы ресми кездесін өткізеді. Бұл ойын УЕФА Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында португалиялық «Спортинг» командасына қарсы өтеді. «Астана» Қазақстан тарихындағы еурокубоктердің көктемгі кезеңіне шыққан тұңғыш команда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или