«Тобыл» «Реалға» қарсы ойнаған футболшыны қатарына қосты
Украина Премьер-лигасында 200-ден астам матч ойнаған Василий Кобин қостанайлық «Тобылдың» футболшысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.
Кобин мансабын 2001 жылы «Закарпатье» клубында бастаған. Кейін қорғаушы львовтық «Карпаты» (2006-2009 жылдары) сапында өнер көрсетті. Сегіз жыл бойы донецкілік «Шахтерде» ойнады. Сондай-ақ, харьковтік «Металлист» пен солигорскілік «Шахтерге» жалға берілген.
Кобин «Шахтер» сапында 2015/16 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы ойнады. Ол «Тобылға» украиналық «Верес» клубынан ауысып келді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или