Станимир Стоилов: Ойында көп гол соғылғанымен, қателіктер де аз емес

Станимир Стоилов: Ойында көп гол соғылғанымен, қателіктер де аз емес
«Астана» БАӘ-дегі екінші оқу-жаттығу жиыны аясында қытайлық «Ляонин» командасына қарсы ойнап, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Ойын соңында елордалық команданың бас бапкері Станимир Стоилов клубтің баспасөз қызметіне кездесу туралы өз пікірімен бөлісті:</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Бүгін ойында өте жақсы гол соғатын мүмкіндіктер болғанмен, қателіктер де орын алып жатты. Кездесу барысында соғылған голдар ойыншылардың өздеріне деген сенімділіктерін аттыратыны сөзсіз. Ойынға деген команданың жігері мен ұжымдасып өнер көрсетуі көңілімнен шықты. Дегенмен, «Спортингке» қарсы кездесуге дейін, командада бар мәселелерді шешіп үлгеруіміз қажет. Португалдықтарға қарсы ойынға дейін команда сапындағы барлық ойыншыларға мүмкіндік береміз. Себебі, сол ойынға шығатын негізгі құрамды таңдауға көмектеседі.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Бүгінгі алаңда болған ойын, қорытынды нәтижеге лайық па?</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Иә, менің ойымша лайық. Біз өзімізде болған мүмкіндіктерді пайдалана алдық. Бұл жай жолдастық кездесу болғандықтан, ойын есебіне аса мән берудің қажеті жоқ. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или