Сейдахмет «Уфадан» кеткен жоқ
Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет әлі де «Уфа» сапында жаттығып жүр. «Қазақ Мессиінің» клубтан кеткені туралы ақпаратты команданың баспасөз-қызметі жоққа шығарды.
«Бұл туралы қандай дереккөз хабарлады? Әлеуметтік желілердегі пікірлерге емес, ресми ақпараттарға сену керек қой. Тілші Никита Кузиннің фотосын қойып, құрметті журналисті агент деп атапты. Күлкілі!», - деп айтты «Уфа» баспасөз-қызметінің басшысы Сергей Тыртышный.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Сейдахмет «Уфа» сапынан кетіп, Таразға оралды деген ақпараттар жарияланған болатын. Бірақ «Башинформ» агенттінің ақпаратына сүйенсек, Еркебұлан әлі де «Уфа» сапында жаттығып жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или