Валерий Алемаскин: Команда құрамы біршама жасарды
«Ақтөбе U21» командасының бас бапкері Валерий Алемаскин Шымкентте басталған оқу-жаттығу жиыны жайлы айтып берді.
-Жаттығу екі мезгіл өтіп жатыр. Таңертең физикалық жаттығулар жасаймыз – жүгіру, тренажер. Кешкісін техникалық – тактикалық сәттерге көңіл бөлеміз. Команда құрамы біршама жасарғанына қарамастан, жігіттерге біраз күш түсіріп жатырмыз. Бәрі де тырысып-ақ бағып жатыр, шыдап жатыр. Әрбір ойыншы өзін физикалық, тактикалық жағынан көрсетіп қалғысы келеді. Бәрі бақылау матчтарында көрінетін болады. Өзімізде бар ойыншыларға үміт артатын боламыз.
Бүгін Шымкентте «Үміткер» турнирі басталады. Турнирде біздің командадан бөлек, жергілікті «Қыран», «БИІК» және «Ордабасы» футбол академиясы өнер көрсетеді. Бүгін алғашқы турда «Қыранмен» кездесеміз. Сол ойында жігіттерді бір сынап көреміз.