«Қайратқа» уругвайлық шабуылшы ауысады
Уругвайлық «Насьональ» клубының шабуылшысы Уго Сильвейра алдағы дүйсенбі күні Қазақстанға ұшып келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Carasycaretas.com.uy порталына сілтеме жасай отырып.
24-жастағы футболшы Алматыға келіп, «Қайратпен» келісімшартқа отырады деп күтілуде. Уругвайлық «Насьональ» Уго Сильвейраны бір жылға жалға бермек.
Уго Сильвейра мансабында уругвайлық тек екі командада, «Серре» және «Насьональда» өнер көрсеткен. Өткен маусымда барлық турнирде 52 матч өткізіп, 11 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или