Қазақстан құрамасы ӘЧ-ның жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы ӘЧ-ның жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ширек финалда жерлестеріміз Норвегия құрамасымен кездесіп жеңіске жетті. Кездесудегі есеп 6:1 (3:1, 3:0).

Енді Қазақстан құрамасы жартылай финалда Швеициямен кездесетін болады. Олар өз кезегінде Венгрия құрамасын 16:3 есебімен ұтып жартылай ыинал жолдамасына ие болды.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үш кездесуде де жеңіске жеткен. Алдымен Венгрияны 29-0 есебімен есеңгіретсе, АҚШ құрамасымен болған кездесу 14-1 есебімен біздің жігіттердің жеңісімен аяқталған. Топтық кезеңдегі соңғы ойында Германия құрамасы да айтарлықтай қарсылық көрсете алмай 17:2 есебімен жеңіліп қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или