«Астана» дублі Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді
«Астана» футбол клубының дубль құрамы Шымкентте 1 және 13 ақпан аралығында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Василий Маруняк бастаған бапкерлер құрамы жиынға төмендегі ойыншылармен аттанды: қақпашылар: Олег Медведев (2000), Станислав Курьян (2002), Владислав Саенко (2000), Ғазин Қалтөре (2001), қорғаушылар: Әлім Ілиясов (2000), Данияр Күшікбаев (1999), Сағи Совет (2000), Әділжан Дуйсенбаев (2001), Қанат Жұпқазиев (2000), Санжар Шураханов (2001), Юрий Аханов (2002), Артем Цой (2000), жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов (2000), Руслан Махан (2000), Сұлтан Сағнаев (2000), Лев Скворцов (2000), Самат Бортай (1999), Шадияр Арынтай (1999), Алдияр Тастанов (2002), Нұрдаулет Маматов (1998), Саян Мұқанов (1997), Әлішер Серік (1999), Вадим Кенетаев (1999), шабуылшылар: Рамазан Каримов (1999), Данил Пичкарев (2001), Станислав Басманов (2001), Бақдәулет Зульфакиров (2001).
Естеріңізге сала кетейік, жас астаналықтар алғашқы оқу-жаттығу жиынын «Астана Арена» спорт кешенінде өткізіп, бапкерлер құрамы «Астана» футбол орталығының 1999-2002 жылдары туған тәрбиеленушілері арасында бақылау жасаған болатын.