«Астана» жастар командасына шақырту алған футболшылардың тізімі
«Астана» жастар командасы Шымкент қаласында өтетін екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл реткі жаттығу жұмыстары 13 ақпанға дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. «Астана М» командасы алдағы маусымда екінші лигада бақ сынайтын болады.
Василий Маруняк бастаған жаттықтырушылар алқасы командаға төмендегі футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Олег Медведев (2000), Станислав Курьян (2002), Владислав Саенко (2000), Газин Калторе (2001),
Қорғаушылар: Әлім Ілиясов (2000), Данияр Күшікбаев (1999), Сағи Совет (2000), Әділжан Дүйсенбаев (2001), Қанат Джупказиев (2000), Санжар Шураханов (2001), Юрий Аханов (2002), Артем Цой (2000),
Жартылай қорғаушылар: Жаслан Қайркенов (2000), Руслан Махан (2000), Сұлтан Сағнаев (2000), Лев Скворцов (2000), Самат Бортай (1999), Шадияр Арынтай (1999), Алдияр Тастанов (2002), Нұрдәулет Маматов (1998), Саян Мұқанов (1997), Алишер Серік (1999), Вадим Кенетаев (1999),
Шабуылшылар: Рамазан Каримов (1999), Данил Пичкарев (2001), Станислав Басманов (2001), Бакдаулет Зульфакиров (2001).
Естеріңізге сала кетейік, жас футболшылардың алғашқы жаттығу «Астана Арена» спорт кешенінде өткен болатын. Ол кезде жаттықтырушылар штабы футбол орталығының 1999-2002 жж туған тәрбиеленушілерін шақырған еді.