Джуниор Кабананга: «Астана» әрқашан жүрегімде сақталады

Джуниор Кабананга: «Астана» әрқашан жүрегімде сақталады

«Астананың» бұрынғы шабуылшысы Джуниор Кабананга сауд-аравиялық «Аль-Насрға» ауысқан соң, елордалық клубпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осынша ғажап жылдардың ішінде маған үй болған «Астана» ФК-ның барша отбасына алғыс айтқым келеді. «Астана» әрқашан жүрегімде сақталады», - деп жазды Кабананга Instagram-да.

Айта кетейік, елордалық клуб Кабананганы 2 млн еуроға сатқан болатын. Конголық шабуылшы «Аль-Насрмен» 2,5 жылға келісімшартқа отырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или