«Ертіс» бүгін «Лудогорецпен» жолдастық кездесу өткізеді

«Ертіс» бүгін «Лудогорецпен» жолдастық кездесу өткізеді

<span>Павлодарлық «Ертіс» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында болгариялық «Лудогорец» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.</span>

<span>Кездесу бүгін Белек қаласында орналасқан «Корнелия Даймонд» стадионында Астана уақытымен 20:30 да басталады.</span>

<span>«Ертіс» клубының баспасөз қызметі бұл кездесуге команданың көшбасшы ойыншысы Карлос Фонсека қатыса алмайтынын хабарлады. Португалиялық футболшының аздап жарақаты бар көрінеді. Сонымен қатар, команда капитаны Давид Лория да командасына көмектесе алмайды.</span>

<span>Естеріңізде болса, «Лудогорецтің» қазіргі бас бапкері Димитар Димитров осының алдында «Ертіс» клубын баптаған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или