«Тобылдың» құрамы тәжірибелі қақпашымен толықты

«Тобылдың» құрамы тәжірибелі қақпашымен толықты

Оралдың «Ақжайық» командасының бұрынғы қақпашы Вячеслав Котляр қостанайлық «Тобылмен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вячеслав Котляр футболдағы мансабын Украинада бастаған. Әрі өз елінің бірқатар клубтарында доп тепті. 2007 жылы Қазақстанға келген қақпашы алдымен «Қазахмыс» командасының намысын қорғады. Содан кейін еліміздің «Іле-Сәулет», «Астана», «Ертіс», «Алтай», «Ақжайық» қатарлы клубтарында өнер көрсеткен. Енді, жаңа маусымды қостанайлықтардың қатарында бастағалы отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или