Бастиан Швайнштайгер «Альянц Аренаға» қайта оралмақшы

Бастиан Швайнштайгер «Альянц Аренаға» қайта оралмақшы

2018 жылы  28 тамыз «Альянц Аренада» «Бавария» командасының аңыз ойыншысы Бастиан Швайнштайгермен қоштасу матчы өтеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл туралы кеше «Бавария» мен «Хоффенхайм» кездесуі кезінде германиялық футболшының өзі айтты.

«Бавария»  клубының ресми сайты жариялаған видеода Бастиан барша жанкүйерлерге арнап сөз сөйлеп: «Сүйікті жанкүйерлер, өкінішке орай үш жыл бұрын мен командадан кетер кезде сіздермен қоштаса алмадым. Осы өкініштің орнын толтыру үшін биыл 28 тамызда сіздермен қоштасу кездесуімді ұйымдастырып отырмыз. Қайта қауышуға асықпын. Өздеріңіздің Бастиандарыңыз», - деді аңыз футболшы.

Белгілі болғандай, сол күні Швайнштайгердің қазіргі командасы «Чика́го Файр» мен «Бавария» жолдастық кездесу өткізеді. Бастиан екі таймда екі команданың сапында өнер көрсететін болады.

Бастиан Швайнштайгер Гермения құрамасы мен «Бавария» командасының атақты футболшыларының бірі. «Бавария» сапында 17 жыл тер төккен. 2015 жылы «Манчестер Юнайтедке» ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или