Антон Цирин «Қызылжарға» ауысты

Антон Цирин «Қызылжарға» ауысты

30 жастағы қақпашы Антон Цирин Петропавлдық «Қызылжар» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Премьер лигада Антон Цирин алғаш рет 2008 жылы павлодарлық «Ертіс» сапында ойнады. Содан бері «Ақжайық», «Жетісу», «Атырау» және «Оқжетпес» командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымды «Қайсарда» бастады әрі жастар құрамасына 2 ойын өткізді. Жазғы трансфер кезінде «Ертіске» оралғаныме, бір кездесуде ғана алаңға шықты.

Қазақстан Премьер лигасында жалпы 91 матч өткізіп, қақпасына 129 гол жіберіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или