Месси: Роналдумен дос емеспін
Лионель Месси жақында «Әлем футболы»(World Soccer) журналына берген сұқбатында қазіргі таңда өзекті болып тұрған бірқанша мәселеге өз көзғарасын білдірген екен.
Ең алдымен Неймардан айырылған «Барселона» жайлы, «Неймардың кетуімен біздің команданың шабуылы сәл әлсіреді. Есесіне қорғаныс шебімізге көп көңіл бөліне бастады. Осыдан барып командада тепе-теңдік пайда болып, біз бұрынғыдан да жақсы ойнай бастық», - деген.
Ал Криштиану Роналдумен байланысы туралы, «Мен Роналдумен дос емеспін. Біз тек түрлі жеке жүлдерлердің марапаттау рәсімдерінде ғана кездесеміз. Сол сәтте ғана бір-екі ауыз сөйлескеніміз болмаса, басқа ешқандай да қатынасымыз жоқ», - деп баға берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или