«Астана» - «Краснодар» кездесуінің үздік ойыншысы тағы да Томасов болды
«Астана» жолдастық кездесуде ресейлік «Краснодар» командасын 3: 1 есебімен ұтқан еді. Instat компаниясы келтірген мәліметтер бойынша елордалықтардың хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов осы ойынның үздік ойыншысы атанды.
Марин Қазақстанға өткен жылы келген. Алайда, былтыр бар өнерін көрсете алмады. Сол олқылықтың орнын толтыруға биыл шындап кіріскен секілді. Маусым алды дайындық кезіндегі екі жолдастық кездесуде де матчтың үздігі атанып отыр. Ол осыған дейін өткен Мәскеудің «Спартак» командасына қарсы ойында да өзін жақсы қырынан көрсеткен еді.
Томасов бұл кездесуде екі голдың авторы атанған болатын. Ал екінші орынды тағы бір голды соққан Сергей Малый иеленді. Үздік үштікті оң қаптал қорғаушысы Игорь Шитов түйіндеп отыр.
Instat Index көрсеткіштері бойынша ойынның үздік бестігі:

1.Марин Томасов 278
2.Сергей Малый 265
3.Игорь Шитов 264
4.Абзал Бейсебеков 255
5.Евгений Постников 253