Абат Айымбетов: «Ақтөбенің» биік шыңдарға көтерілуіне пайдамды тигізгім келеді

Абат Айымбетов: «Ақтөбенің» биік шыңдарға көтерілуіне пайдамды тигізгім келеді

«Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов клубтың баспасөз қызметіне алғашқы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады.

- Осы оқу-жаттығу жиынында физикалық жаттығуларға көңіл бөліп, біраз шыңдалдық. Командаластарымның ешқайсысы аянып қалған жоқ. ОЖЖ жақсы деңгейде өтті. Ойындардың нәтижесi онша болмағанымен, көп пайдасы тидi. Бізге алдағы уақытта да көп жұмыс жасау керек. Келе жатқан футбол маусымына жақсылап дайындалып, жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамыз. Жанкүйерлердің көңілінен шығу үшін бар күшімізді салатын боламыз. Мен алдыңғы жылы жарақат алып, маусымды өткізіп алдым. Қазір жарақатымнан толықтай айықтым, алдағы маусымға дайынмын. Егер бапкер сенім артып жатса, біз білетін Ақтөбенің биік шыңдарға көтерілуіне пайдамды тигізгім келеді, - дейді жас футболшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или