«Астана» екінші оқу-жаттығу жиынын БАӘ-де өткізеді
29 қаңтар күні «Астана» футболшылары мен бапкерлер штабы Словакияның «Жилина» командасына қарсы матчпен бірінші оқу-жаттығу жиынын қорытындылайды.
Содан кейін астаналықтарға қысқа мерзімді демалыс беріліп, 3 ақпан күні жаттығуға қайта оралады. Екінші оқу-жаттығу жиыны да Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді. Оны 9 ақпан күні аяқтап, елордалық ұжым Астанаға оралады. 15 ақпан күні олар өз алаңында Еуропа Лигасының 1/16 финалы аясында Португалияның «Спортинг» командасын қабылдайды.
Екінші ОЖЖ аясында Станимир Стоилов басшылығындағы бапкерлер құрамы 4, 6 және 8 ақпан күндері үш жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или