Станимир Стойлов: Бүгінгі жеңіс көңілімнен шықты

Станимир Стойлов: Бүгінгі жеңіс көңілімнен шықты

«Астана» футбол клубы Біріккен Араб Әмірлігінде өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық кездесуін ресейлік «Краснодар» командасына қарсы өткізді. Ойын 3:1 есебімен елордалық команда пайдасына аяқталды.

Ойын соңында команда бас бапкері Станимир Стоилов клубтың баспасөз қызметіне матч туралы өз пікірін білдірді:

- Бүгін біз ұйымдасқан жақсы ойын көрсеттік. Алайда, кейбір гол соғатын сәттерде мүлт кетіп жаттық. Ойында мені алаңдататын бірнеше қателіктер болды. Және де ойынның жарты сағаты өткеннен кейін команда физикалық жағынан әлсіз көрінді. Бізге ойын жылдамдығын арттыру қажет. Бүгінгі жеңіс көңілімнен шықты. Дегенмен, жолдастық кездесулердегі нәтижелерге аса мән беріп қажет емес.

- Команданың физикалық мүмкіндіктері туралы айтып қалдыңыз. Команда ресми кездесулерге қаншалықты дайын?

- Менің ойымша 35%, одан көп емес.

- Команданың жаңа ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов бүгін екі позицияда- сол жақ қапталдағы қорғаушы және шабуылға жақын орталық шепте өнер көрсетті. Сіздің ойыңызша Бахтиер алаңның қай бөлігінде өзін жақсы қырынан көрсете алады?

- Бұл туралы айту әлі ертерек. Егер дұрыс қимылдасаң, дұрыс ойлай білсең, алаңның кез-келген бөлігінде ойнауға болады.

Дереккөз: fca.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или